ҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семейде ағымдағы жылы жерасты өткелдеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов ағымдағы жылы атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қала басшысы көп қабатты үйлердің қасбеттерін жөндеу, жерасты өткелдері, жолдарды асфальттау, қоғамдық кеңістікті қолданысқа беру, аулаларды абаттандыру бойынша көшпелі кеңес өткізді. Тексеру жұмыстары барысында қала әкімі Шәкәрім даңғылындағы жерасты өткелінің жөндеу жұмысын тексерді.

Семей қаласында 8 жаяу жүргіншілердің жерасты өткелі бар, биыл өткелдердің 4-уіне күрделі жөндеу, 4-уіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Шаһар басшысы тексеру жұмыстары барысында мердігер ұйымдарының басшыларына бірқатар ескертулер жасады.

«Жерасты өткелдеріне заман талабына сай абаттандыру жұмыстарын жүргізу керек. Семейді туристік келбетін ашатын муралдар салуды қолға алыңыздар. Сонымен қатар, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін, өткел ішіне жарықтандырулар жүргізу керек»,- деді Нұрбол Нұрсағатов мердігер ұйымдардың басшыларына.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button