Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде эвакуациялық пункттегі балаларға жазғы лагерь ұйымдастырылды

Төтенше жағдайға байланысты Половинка, Талица және Бұлақ ауылдарындағы үйлерінен кетуге мәжбүр болған балаларға Семейде жазғы лагерьлерде тегін демалыс ұйымдастырылуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазір олардың барлығы Семей эвакуациялық пункттерінде, оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетілeдt.

Эвакуацияланған балалардың бос уақытын ұйымдастыру үшін күн сайын Абай музейіне, басқа да қалалық мұражайларға, биологиялық орталыққа, киноға, орталық саябаққа экскурсиялар ұйымдастырылады.

“Күн сайын балалар үшін демалыс және ойын-сауық бағдарламалары әзірленуде. Сондай-ақ, балаларға арналған №49 орта мектеп базасында мектеп лагері жұмыс істейді. Онда білім беру сабақтарымен қатар оларға психологиялық қолдау көрсетіледі”, – деп атап өтті эвакопункт өкілі Біржан Булабаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button