Семей қаласының әкімі тұрғындарды Абай облысының құрылғанына 1 жыл толуымен құттықтады
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов өңір тұрғындарын және семейліктерді Абай облысының құрылғанына 1 жыл толуымен құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қадірменді Абай өңірінің тұрғындары! Құрметті семейліктер!
Сіздерді Абай облысының құрылғанына 1 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы жолдауында, Абай облысын құру туралы ұсынысын айтқан болатын. Бұл шешім жалғыз семейліктер үшін ғана емес, күллі алаш жұрты үшін қуанышты жаңалық болды. Ұлы Абайды тудырған киелі өлкені, ойшылдың атымен атау өте оңды шешім деп білемін.
Өңіріміз облыс болып, қаламыз жаңа облыстың орталығы атанғалы жаңаша кейіпке ене түсті. Бұл тек бір жылдың ғана көрінісі. Алдағы уақытта қаламыз гүлденіп, еліміздегі жаңғырған, жаңа қалалардың бірі де бірегейі болатынына сенімдімін. Жаңа облысымыз жайнап, көркейіп дами берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Құрметпен, Нұрбол Нұрсағатов