ҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семей қаласында жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Би Боранбай көшесіндегі жол айрықта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жерге барып, жұмыс барысымен танысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Аталған жол құрылысы қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің тапсырысымен жүзеге асырылуда.

– Семейліктер үшін жол ең өзекті мәселелердің бірі. Биыл қала ішінде 40-қа жуық көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмысты уақытынан кешіктірмеуді және келісімшартта көрсетілген жұмыстардың талапқа сай болуы – басты талабымыз,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button