Қала тарихыҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семейде Бейбітшілік аралығындағы балалар темір жолы қайтадан іске қосылады

Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингісінде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Кіші Түрксіб» темір жолы қайтадан іске қосылатынын айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыс басшысы бүгінде қала тұрғындарының сүйікті демалыс орны болып табылатын Бейбітшілік аралын абаттандыру және аңызға айналған балалар темір жолын қайтару жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Бізде қала орталығында қала тұрғындары демалатын тамаша саябақ бар. Біз оны абаттандырып, ескі темір жолымызды қайтарғымыз келеді. Келіссөздер жүргізілді. Қазір осымен қала айналысуда», – деді Нұрлан Ұранхаев.

1979 жылдың тамыз айынан бастап Бүкілодақтық теміржолшылар күнінде Семей қаласында «Кіші Түрксіб» балалар темір жолы іске қосылған болатын. Нағыз пойызға ұқсатып салынған кішкентай пойызбен бүкіл аралды айналып өтуге болатын. Сондықтан қала тұрғындары бүгінгі күнге дейін «Кіші Түрксіб» темір жолын еске алып, оны қайта жаңғырту Семей тұрғындары үшін жақсы сыйлық болатынын атап өтті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button