«Зоовет қайта қалпына келтіруге келмейді» – Нұрлан Ұранхаев
Семейдегі бұрынғы Зооветинституттың орнында қонақ үй пайда болады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бұрынғы зооветеринарлық институтқа қатысты жоспарлар туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында айтты. Аймақ басшысы атап өткендей, ғимаратты қалпына келтіру енді мүмкін емес, ғимараттың иесімен ғимараттың бір қабырғасын «естелік ретінде» сақтау туралы келісу мүмкіндігі бар.
«Зооветинститутқа келетін болсақ, біз бірнеше рет тексерулер жүргіздік. Мен өзім зерттеу жүргізу үшін мамандарды шақырдым. Олардың берген қорытындысына сәйкес, өкінішке орай, ғимарат сақтап қалу мүмкін емес. Бірақ мен иесімен ғимараттың бір бөлігін естелік ретінде сақтап қалу туралы сөйлестім. Басқа мүмкіндіктер жоқ. Ғимарат қабырғасы желдің, жаңбырдың, қардың астында тым ұзақ уақыт тұрып қалып, осындай жағдайға жеткен», – деді Нұрлан Ұранхаев.
Облыс әкімі ғимарат орнында болашақта жаңа қонақ үй пайда болатынын айтып өтті.
Semeynews.kz