ҚылмысСемейТОП

Семейлік полицейлер тонаушыны «ізін суытпай» қолға түсірді

Ағымдағы жылдың мамыр айының ортасында сағат 19.00 шамасында Семей қ. ПБ Әуезов полиция бөліміне облыс орталығының 44 жастағы тұрғыны хабарласып, сағат 17.00 шамасында Әуезов даңғылындағы №43 үйдің жанында белгісіз ер адам соққыға жығып, 190 000 теңге сомасында оның ақшалай қаражатын ашық ұрлап кеткенін хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері «ізін суытпай» қаланың 51 жастағы жұмыссыз тұрғынын анықтап ұстады. Жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындады. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 191 – бабы 1-бөлігі – «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті УҰИ қамалды. Қазіргі уақытта полицейлер оның осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button