Абай облысыӘлемҚазақстанҚоғамСемейСпортТОП

Абай облысының полицейі Албаниядағы еркін күрестен халықаралық турнирде қола жүлдегері атанды

13-14 мамыр аралығында Албания мемлекетінің астанасы Тирана қаласында еркін күрестен өткен “Muhamet malo” халықаралық турнирінде Абай облысының полиция қызметкері қола медаль иеленді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл турнирге Қазақстанның ерлер құрамасы қатысты.

Команда құрамында Абай облысы полиция департаменті арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының инспекторы Мейір Есхатұлы Көшкінбаев өз өнерін көрсетті.

Мейір өз қарсыластарын қапы қалдырып, 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды.

– Біз жүлделі орынға ие болу үшін бар күшімізді салдық. Міне, нәтиже – халықаралық турнирдің қоласы. Алдағы уақытта да осындай іс-шаралар мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін, – дейді полиция қызметкері.

Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан халықаралық турнирде қола медаль иеленген қызметкерді құттықтады. Абай облысының ПД басшылығы мен барлық жеке құрамы оны мақтан тұтады және одан әрі жоғары жетістіктер тілейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button