Абай облысыӘлеуметҚоғамСемейТОП

Биылғы жылы Абай облысында ауылдардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруда 90,1 млрд теңгеге 74 жобаны іске асырылады

Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылдың наурыз айында ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған жоспарын бекітті. Осылайша, мемлекет әр ауылдың географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ашуды мақсат етеді. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов мәлімдеді.

«Елімізде ауылдық аумақтарды дамыту мақсатында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы енгізілді. Біздің облыста 327 ауылдық елді мекен бар, олардың 155-і осы бағдарлама аясында дамуда. Өткен жылы 25 ауылдық округте 3,7 млрд теңгеге 48 жоба іске асырылды. Биыл 90,1 млрд теңгеге 74 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Жыл сайын ауылдық елді мекендердің саны артып келеді.

Жалпы, жоба аясында ауылдық жерлерде спорттық модульдер мен дәрігерлік амбулаториялар салу жоспарланған. Мысалы, Ақсуатта қолда бар стадионды қайта жаңарту, ал Приречное ауылында жаңа мәдениет үйін салу жоспарлануда. Сондай-ақ, жолдарды жөндеу және электр желілерін жүргізу жоспарлануда», – деді А.Кәрімов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button