Абай облысыҚала тарихыҚоғамСемейТОП
Семейдегі ескерткіштер тізіліміне тағы бір тарихи ғимарат қосылды
Семей қаласы, Найманбаев көшесі, 187 мекенжайындағы орналасқан көпес үйі бірнеше рет бұзылудан аман қалды. Жақында аталған ғимарат тарих және сәулет ескерткіштерінің тізіліміне енгізіліп, мемлекет теңгеріміне алынды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бұл туралы Абай өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Айдар Ибраев мәлім етті.
- Қазір ғимарат біздің қорғауымызда. Ғимараттың иесі бар, бірақ Семейде тұрмайды. Біз онымен тұрақты байланыстамыз. Үй иесі ғимарттың келбетін сақтай отырып, қайта қалпына келтіреді. Нысанның бұзылуына жол бермейміз, – деді Айдар Ибраев.
Басқарма басшысы бұрынғы «Бинар» қонақүйі жайлы да айтып өтті.
- Мұнда нысанды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бізге алдын ала үлгісін көрсетті және комиссияға ұсынды. Бастапқы келбеті бұзылатын болғандықтан, ғимаратты кірпішпен қаптауға келіспедік. Иесі біздің ұсынысымызды құптады,- деді басқарма басшысы.
Найманбаев көшесі, 116 мекенжайындағы бұрынғы телеграф кеңсесінің ғимаратында да жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
- Ғимарат апатты жағдайда тұрғандықтан, тарих және сәулет ескерткіштері қатарынан шығарылған. Қазір нысанның ішкі қалпына келтіру жұмыстары басталды, иесімен тығыз байланыстамыз. Алдағы уақытта ғимаратты өз теңгерімімізге аламыз, – деп түйіндеді Айдар Ибраев.
Semeynews.kz