Бүгін Абай облысының орталығы Семей қаласының Жеңіс саябағындағы алаңда 1 500-ден астам шырақ жағылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған шырақ жағу акциясын Семей қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Акция барысында қала тұрғындары соғыс жылдарындағы әндерді шырқады. Шамдардан Ұлы Жеңістің 78 жылдығын бейнелейтін «78» деген импровизацияланған жазба жасалды.
Тұрғындардың айтуынша, барлығы сұрапыл соғысқа қатысқан туыстарын еске алу мақсатында жылда аталмыш акцияға қатысатын көрінеді.
- Бүгін 1500-ден астам шам таратылды. Әрбір қала тұрғыны үшін бұл акцияның маңызы зор, – деп атап өтті Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Олжас Соғымбай.
Semeynews.kz