ҚазақстанҚоғамСаясатТОП

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге Федерациясына жасаған жұмыс сапары аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, өзара құрмет пен екі ел халықтарының мүддесіне негізделген сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстардың маңызды бағыттары бойынша серіктестікті одан әрі дамыту қажеттігі атап өтілді.

Еске салайық, Бүгін Мемлекет басшысы Жеңістің 78 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Сондай-ақ, Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button