Абай облысыӘлеуметҚоғамТОП

Абай облысының Бесқарағай ауданында Жеңіс күні қарсаңында 9 отбасы қоныс тойын тойлады

Бүгін Бесқарағай ауданының 95 жылдық мерейтойы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету тапсырмасы негізінде «Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысында көпбалалы аналарға және кезекте тұрған басқа санаттағы азаматтарға жаңадан салынған үйлердің кілтерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Салтаннатты рәсімде 6 – көпбалалы отбасыға, 2 – әлеуметтік осал топтағы тұрғындар мен 1- мүгедектігі бар азаматтың отбасына үйлер табысталды.

Қарапайым халық мүддесіне деген Президентіміздің қамқорлығы қашанда зор. Қазіргі таңда баспана салу басты назарда болып отыр.

«Жаңа үй – жайлы баспана. Үйі жоқтың күйі болмайтынын бабаларымыз атам заманда айтып кеткен. Сондықтан, өзін бақытты сезініп, алаңсыз өмір сүруі үшін алдымен әр адамның тұрақты жұмысы мен мекенжайы болуы керек. Ол, әрине өз үйің, кең сарайдай боз үйің. Осы ретте баспаналы болу бақытына ие болған барлық үй иелерін құттықтай отыра, әр шаңыраққа құт-береке,қуаныш пен амандық тілеймін!»- деді өз сөзінде аудан әкімі Талғат Мұратов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button