Семейде өзіндік ерекше тарихы бар ескерткіш ағашы әр көктемде бүршік жарады
Семейдегі № 1 орта мектептің жанында өсіп тұрған жатқан терек ағашы – тірі тарихи ескерткіш. 1941 жылы оны осы мектептің түлектер отырғызды, содан кейін олар бүкіл сыныппен майданға аттанды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қаладағы ең көне мектептердің бірінің қабырғасындағы бұл терек қалғандарынан ерекшеленеді: биік, керемет, диаметрі бірнеше метр, құшақ жетпейді. Ағаштың жанында ескерткіш тақта орнатылған, ол жерден ағаштың қашан және кім отырғызылғанын білуге болады.
“Бұл ағаш – Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан 1941 жылғы № 1 мектеп түлектеріне арналған тірі ескерткіш. 1941 жылы 21 маусымда бітірген күні олар мектеппен қоштасып, өз сыныптарын еске алу үшін осы теректі отырғызды. Ал 22 маусымда барлық сынып түлектері майданына аттанды…”, – делінген тақтада.
Мектеп директоры Марсель Биклибаевтың айтуынша, ол теректің тарихы туралы 1995 жылы – оқу орнының 100 жылдығын мерекелеуде білген.
“Мектептің мерейтойына оны соғысқа дейін, соғыс кезінде және одан кейін бітірген түлектер жиналды. Олардың бірі осы ағаш туралы айтты. Өкінішке орай, ол түлектердің аты-жөндерін атаған жоқ. Бірақ біз сол түлектермен бірге физика пәнінің мұғалімі Константин Афанасьевтің аттанғанын білеміз. Константин Афанасьев 30-шы жылдары мектепті бітірген. Көптеген адамдар сияқты, олда қайтып оралмады”, – деді М.Биклибаев.
Мектеп директоры атап өткендей, терек 80 жылдан астам уақыт өсіп тұр және оның қабығы ашылғанына қарамастан, ағаш әлі өсіп тұр.
“Ең қызығы: қыстың басталуымен ол жапырақтарды тастамайды. Кейбір ағаштар жапырақтарын ертерек, ал кейбіреулері кейінірек тастайды. Ал ол солай. Діңгегінің диаметрі, әрине, ерекше. Шынымды айтсам, мен өмір бойы мұндай теректерді көрген емеспін”, – деп мойындайды ер адам.
Фото және мәтін Эльдар Нуруллин. Мәтінді қазақ тіліне аударған Semeynews.kz.
Semeynews.kz