
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қала тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке басты құндылықтарымыз – бейбітшілік пен келісімнің, халық достығы мен елімізде тұратын әрбір ұлттың дәстүрін, мәдениетін сақтау мен жаңғыртудың символына айналды.
Семей қаласында 80-нен астам ұлт өкілі тұрады. Сондықтан ұлтаралық татулықты сақтап, этносаралық келісімді одан әрі нығайтуды басты мақсат етуіміз шарт. Бұл тәуелсіз еліміздің тұрақты дамуының, рухани кемелденуінің кепілі болмақ.
Айтулы мереке қарсаңында отбасыларыңызға амандық, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілеймін! Ұлттық құндылығымызды дәріптеп, келісім мен татулық әрдайым салтанат құрсын!
⠀
Мейрам құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Нұрбол Нұрсағатов.
Stmtenews.kz