Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМССемейТОП

Медициналық сақтандыру қорының Абай облысы филиалының директоры Шүлбі кентінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

26 сәуірде медициналық сақтандыру қорының Абай облысы филиалының директоры Ғалымжан Әбілов Шүлбі кентінде болып, халықпен кездесті. Кездесуге кент әкімі Ерболат Мұхтарханов, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Таңатарова және Шүлбі дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері Бақытгүл Баирова қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ғалымжан Әбілов өз баяндамасында халықты МӘМС жүйесімен қамтуға ерекше назар аударды. Қор үшін ұсынылатын медициналық көмектің сапасы мен халықты жалпыға бірдей қамтуды қамтамасыз ету басым міндеттердің бірі болып табылады.

  • Естеріңізге сала кетейік, «Сақтандырылған» мәртебесіне ие бола отырып, пациенттер өз емханалары мен жеке клиникаларда медициналық көмектің барлық түрін ала алады. Скринингтік тексерулердің көпшілігі қор қаражаты есебінен ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін қолжетімді. Айта кетейік, қорда 2023 жыл «Ауыл халқы» жылы болып жарияланды. Аудандық және ауылдық емханаларды қаржыландыруды ұлғайту медицинаның сапасы мен дамуын жақсартуға мүмкіндік береді, – деп түсіндірді Ғалымжан Әбілов.

Кездесу барысында Абай облысы денсаулық сақтау мекемесі басшысының орынбасары Гүлназ Таңатарова 2022 және 2023 жылғы І-тоқсандағы жұмыс қорытындылары туралы есеп берді.
Есеп беру кездесуі аяқталғаннан кейін кент тұрғындары медициналық сақтандыру қорының Абай облысы филиалының директоры және Абай облысы денсаулық сақтау мекемесі басшысының орынбасары жеке қабылдау өткізіп, тұрғындарды мазалаған сұрақтарға жауап берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button