Абай облысыҚоғамМәдениетМерекеСемейТОП

Абай облысында сотталғандар жақындарымен кездесті

Абай облысы ҚАЖД №20 мекемесінде жазасын өтеп жатқандардың туыстары 1 – мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ұзақ мерзімді кездесу орнында мерекелік көңіл-күй орнап, дастархан жайылды. Кездесуге келген әр ұлт өкілі ұрпақтан ұрпаққа мұра болып жалғасқан өз ұлтының ұлттық тағамын дайындап, дастарханға ұсынды.

Дастарханның патшасы қазақтын етінен бастап, орыс халқының борщымен қоса, корей халқының әртүрлі тіскебасарлары мен өзбек халқының тандыр нандары дастарханның мәні мен сәнін келтіріп, мерекені жандандыра түсті.

Сотталғандардың жұбайлары өз ұлттарының ұлттық киімдерін киіп аталған мейрамның көркін келтірді. Дастархан басында әр этнос өкілдері өз ұлттарының ерекшеліктерін әңгімелеп, ұлттық тағамдарының жасалу жолдарымен бөлісті.

  • 1 – мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні өте жүрекке жылу сыйлайтын мереке. Бұл мерекені бұкіл Қазақстан халқы зор ықыласпен тойлайды. Аталмыш мерекеге біз алдын ала дайындалдық. Ұзақ жылдар бойы ұзақ мерзімді кездесуге келіп жүргендіктен біз бір-бірімізбен туыстардай араласып кеттік. Бірімізді-біріміз қолдап, қал білісіп, хабарласып, тұрамыз. Ұзақ мерзімді кездесу 1 – мамырға тұспа-тұс келгендіктен мерекені атап өтуді жөн кордік, – деді кездесуге келген сотталғанның жұбайы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button