Абай облысыҒылымҚала тарихыҚоғамСемейТОП
Абай облысында жер астынан көне Құран кітабы табылды
Абай облысындағы Қоянбай ауылының тұрғындары жер астынан көне Құран кітабын тауып алды, – деп хабарлайды Semeynews.kz Qazaqstan ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.
Ауыл тұрғыны үй ауласында шарбақ орнату үшін шұңқыр қазғанда көне жәдігердің үстінен дөп түскен. Құранның біраз бөлігі күрек тиіп бүлінген. Ал қалғанын тұтас күйінде аршып алған.
Кітаптың қай ғасырға тиесілі екендігі белгісіз. Бірақ әбден ескірген беттерінен жазулары анық көрініп тұр. Тапқандар оны енді зерттеу үшін мамандарға беруге дайын. Жәдігер шыққан маңда ежелде мешіт болған деген болжамдар бар.
Semeynews.kz