ҚР Үкіметі Елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2023 жылғы 1 шілде, сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге, жұма күніне ауыстырылды.
ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады.
Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 2023 жылы Астана күніне 6, 7, 8 және 9 шілдеде, яғни төрт күн қатарынан демалады.
Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.
Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін мереке күндері уақыттарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.
Semeynews.kz