Абай облысыМәдениетҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде «Бір шаңырақ астында» атты студенттердің облыстық шығармашылық фестивалі өтті

Семейде Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған «Бір шаңырақ астында» атты студенттердің облыстық шығармашылық фестивалі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Аталған шара ұлттар арасындағы келісімге, ынтымақтастыққа, мәдени және ақпараттық кеңістікті сақтауға, біздің елді мекен еткен басқа ұлттар мен ұлыстар татулығын насихаттайды.
Қазақ халқы өзінің санғасырлық тарихында басқа ұлттар мен ұлыстардың мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей отырып, елдің тұтастығын, мемлекеттілігін нығайтып келеді.

  • Радиотехника және байланыс колледжі осы фестивалді тұрақты түрде өткізіп келеді. Осы жылы біз облыстық деңгейде бірақ, халықаралық қатысушылармен бірге өткізіп жатырмыз. Бұл шараға Томск қаласындағы жүйелік басқару және радиобайланыс университеті, Алтай өндірістік колледжі, Семей қаласындағы және аудандардағы колледждер қатысуда. Бүгінгі шараның мақсаты ұлтаралық қатынасты нығайту, жастардың бір-бірімен шығармашылық байланысын арттыру, жаңа таланттарды табу,- дейді колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Гүлназ Есембаева.

Қатысушылар еліміздегі түрлі этностардың билері мен ұлттық тағамдарын, музыкалық ерекшеліктерін, әдебиеттін, ұлттық мәдени дәстүрлерін көрсетті. Фестивалға қатысушылар шығармашылық бағдарламалар ұйымдастырып, номинациялар бойынша грамота және сертификаттармен марапатталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button