Семей қаласының Орталық алаңында “Әкелер даңқы жолымен” акциясы салтанатты түрде басталды
Аталған шара Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған айлықтың аясында өтті. Осындай бірқатар іс-шаралар 9 сәуірден басталған болатын, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Айлықтың мақсаты – жастарды рухани және адамгершілікке тәрбиелеу, батырлар мен Еңбек және майдан ардагерлерінің ерліктеріне құрмет сезімін қалыптастыру.
“Әкелер даңқы жолымен” акциясына “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері, “Жас Ұлан” мектеп-лицейінің тәрбиеленушілері, “Жас Сарбаз” қозғалысының және ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты.
“Әкелер даңқы жолымен” акциясының үгіт-насихат әскери-патриоттық автоколоннасы, сондай-ақ “керуен” деп те аталады, 25 сәуірде Абай ауданының Қарауыл ауылынан бастау алады, содан кейін Семей қаласы арқылы Шар қаласына аттанады. Автоколоннаның соңғы нүктесі Мақаншы ауылы , оған қатысушылар 29 сәуірде келеді.
Semeynews.kz