Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Семей қаласына келді. Облыс орталығында Үкімет басшысы жаңа көпір құрылысының барысымен танысты, әлеуметтік нысандарды, Ғаббасов қазандығын аралады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов ядролық медицина және онкология орталығына барды.
Қазіргі уақытта орталық Абай облысының тұрғындарына мамандандырылған онкологиялық көмек көрсетеді. Мұнда тәулік бойы жұмыс істейтін 165 стационар, 82 онкологиялық, 9 хирургиялық, 50 рентгенологиялық бейіндегі төсек, 9 паллиативтік көмек төсегі, 5 ересек гематологиялық, 10 оңалту және 40 күндізгі стационар төсегі орналастырылған. Орталықта күніне 200 келушіге арналған мамандандырылған медициналық көмек бөлімшесі бар, ол жыл сайын 45 000-нан астам пациентке консультациялық көмек және ересек тұрғындарға диспансерлік бақылау көрсетеді.
Ядролық медицина және онкологиялыорталығының хирургиялық бөлімшелерінде жыл басынан бері 460 ота жасалды. 3 айда 1647 зерттеу жүргізілді.
Жалпы, Абай облысын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде бес нысанның құрылысы бекітілді. Бүгінгі таңда ЖСҚ әзірленуде. Сонымен қатар, объективті жағдайларға байланысты ядролық медицина орталығындағы хирургиялық корпус, психикалық денсаулық орталығы, сол жағалаудағы жедел жәрдем қосалқы станциясы және денсаулық сақтау басқармасы орталығы сияқты объектілер бекітілмеген. Осы нысандарды іске асыруға қатысты мәселелер әлі шешілген жоқ.
Semeynews.kz