Абай облысыБизнесҚоғамСемейТОП

Семейде «Табысты отбасы» жобасы бойынша шағын тігін цехы ашылды

Жансая Шәкәрім – декреттік демалыстағы 25 жастағы ана. Ол жобаның арқасында бала арманын жүзеге асырып, шағын бизнесін бастап отыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шағын цехта екі өндірістік тігін машинасы бар. Мұнда негізінен балаларға арналған киімдер тігілетін болады. Жансая Шәкәрім бұл істі бастамас бұрын нарықты ұзақ зерттегенін айтады.

  • Менің таңдаған бағытым – тігіншілік. Балалардың киімдерін тігемін. Киіміміздің ерекшелігі – бірегей принттер мен жазуларда. Егер мен бұрын тек дайын өнімге принт басып шығарумен айналысатын болсам, қазір нарықты зерттеп, өз бетімше кең жейделерді тігуді бастадым. Қазір олар сұранысқа ие,– дейді Жансая Шәкәрім.

«Табысты отбасы» жобасының тәлімгері Лаура Байділданова жоба аясында екі лек оқуын аяқтағанын және түлектердің көбі өз ісін бастап кеткенін атап өтті.

  • Пилоттық жоба өткен жылдың желтоқсан айынан бастап республиканың бес облысында, соның ішінде Абай облысында жүзеге асырылуда. Екі лек оқуды аяқтады. Қазір түлектерге қолдау көрсетілуде. Бейіндік бағытта оқудан өткендер жобаның демеушісі Samruk-Kazyna Trust тарапынан грант пен қажетті құрал-жабдықтарға ие болды,– деді Лаура Байділданова.

Бұл ретте кәсіпқой мамандар Жансая Шәкәрімге бизнестің қыр-сырын терең меңгеруге көмектесіпті.

Сұлулық индустриясы бағытындағы екінші лек студенттері қазірдің өзінде 8 кабинет ашты. Бүгін екінші лектің қатысушысы Жансая Шәкәрім тігін цехын ашып отыр. Ол жастар санатына жатады және көптен бері тігіншілікпен айналысады. Кәсіби мамандардың жетекшілігімен тігін ісінің қыр-сырын меңгерді, – деді Лаура Байділданова.

Жобаның кураторы Мадина Елібекова «Табысты отбасы» жобасының маңыздылығына тоқталды.

  • Тренинг қызықты әрі мазмұнды өтті.  Бүгін біз еңбегіміздің нәтижесіне куә болдық. Бұл жобаның мақсаты – жас кәсіпкерлерге, көп балалы жас аналарға өз ісін ашуға көмектесу. Бұл біздің облыс үшін өте маңызды жоба деп ойлаймын, – деп түйіндеді сөзін Мадина Елібекова.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button