Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП

Абай облысының 36 ауылында су құбыры желілері салынады

Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 16,4 млрд теңге бөлінеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының деректері бойынша бүгінгі таңда өңірде орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 91,9% құрайды.

“Облыстың 610,189 мың тұрғынының 49,2 мыңға жуығы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген, оның ішінде 35 ауылдық елді мекенде 22,5 мың адам және Семей қаласында 26,7 мың адам. Ағымдағы жылы ауыспалы жобаларды 2022 жылдан бастап аяқтау және су құбыры желілерін салу бойынша жаңа жобаларды бастау жоспарлануда”, – деп хабарлады мемлекеттік орган.

Олардың ішінде қалалық ауылдарда Шақаман, Абралы, Ақбұлақ, Гранитное, Половинки су құбыры желілерін салу жобалары бар. Сондай-ақ, Ақсуат ауданының Танамырза, Көктөбек, Серіктес елді мекендерінде, Аягөз ауданының Қорық, Байқошқар, Ай және Қопа ауылдарында, Абай ауданының Қасқабұлақ ауылында, Бесқарағай ауданының Глуховка, Ерназар, Бөдене, Жетіжар, Бесқарағай ауылдарында, Бородулиха ауданының Петропавловка, Березовка елді мекендерінде, Жарма ауданының Сұлусары, Көпекті ауданының Биғаш, Қарамойыл, Шұғылбай, Мамай ауылдарында, Үржар ауданының Айтбай, Лайбұлақ, Үржар, Егінсу, Қабанбай, Барқытбел, Қаратал, Жанай, Малақ, Некрасовка ауылдарынд атаза ауыз су пайда болады.

Айта кетейік, жаңадан құрылған облыста бірнеше ондаған жылдар ішінде көптеген проблемалар жинақталған қаланың шетіне ерекше назар аударылуда.

Барлығы 16,4 млрд теңге бағыттау жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button