Абай облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелері талқыланды
Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың ең басты мәселесі – баспана. Олардың көпшілігі екінші нарықтан баспана сатып ала алмайды. Сонымен қатар, жаңа пәтер алуда да белгілі бір кедергілер бар.
Мүмкіндігі шектеулі жандар жалғызбасты мүгедектер үшін бір бөлмелі пәтерлерді көптеп пайдалануға беруді сұрады, сондай-ақ протездердің тым қымбаттығын да көтерді. Дегенмен, биылғы жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға протез сатып алуға бюджеттен қаржы қарастырылды, бұл мәселені оң шешуге болады.
Сондай-ақ Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков Семейдегі инватакси мәселесіне назар аудару қажеттігін, қалада бар болғаны 12 көліктің мүгедектерге қызмет көрсететінін айтты.
Мүмкіндігі шектеулі жандар кездесу барысында баспананы жекешелендіру мүмкіндігіне алаңдаулы екендіктерін жеткізді. Шалқар Байбеков бұл мәселені «Отбасы банкі» АҚ-мен және қала әкімдігімен бірлесіп шешуді тапсырды.
Semeynews.kz