Семейде аспалы көпірдің шұңқырларын жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Қалалық жолдарда шұңқырларды жөндеу жұмыстары күшейтілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Аспалы көпірдегі авариялық жағдайлардың алдын алу және көлік құралдарының өз қозғалыс жолақтары бойынша кедергісіз жүріп-тұруы мақсатында көпірдің жол төсемін уақытша шұңқырларын жөндеу жұмыстары басталды.
Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпірді күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу шеңберінде аспалы көпір жабынының жоғарғы қабатына КМА-10 – кеуекті-мастикалық асфальтбетон қоспасын қолдана отырып жөндеу жүргізілді. Асфальтбетон оның қасиеттерін жақсарту нәтижесінде ғылыми негізделіп, (беріктігін, су өткізгіштігін) және көлік құралдарының қозғалысы кезінде шу деңгейін төмендетудің технологиялық артықшылықтарын сақтай отырып, оңтайландыру нәтижесінде әзірленді. Аталмыш технология бойынша асфальтбетонды төсеу ауа температурасы 20% жоғары болған кезде жүргізіледі. Осыған байланысты жұмыстар ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланған.
Қазіргі уақытта түнгі температураның салқындығына байланысты бұл жұмыстар күндіз жүргізілді. Қала әкімдігінде тұрғындардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Semeynews.kz