Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМССемейТОП

Абай облысы Медициналық сақтандыру қорының директоры Қалбатау ауылында есеп беру кездесуін өткізді

Абай облысы медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Ғалымжан Әбілов Жарма ауданы Қалбатау ауылында есеп беру кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

30 наурызда медициналық сақтандыру қорының Абай облысы филиалының директоры Ғалымжан Әбілов және Абай облысы денсаулық сақтау мекемесі басшысының орынбасары Гүлназ Таңатаровамен Жарма ауданына, Қалбатау ауылына барды. Есептік кездесу барысында аудандардағы медициналық ұйымдарды қаржыландыру, МӘМС жүйесі шеңберінде сапалы және қолжетімді медицина алудың маңыздылығы туралы өзекті мәселелер талқыланды.

Ғалымжан Нұржаубайұлы өз баяндамасында 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша сақтандырылмаған халықтың саны 01.02.2023 ж. 106 949 адамды құрағанын, ал есепті кезеңде Жарма ауданы бойынша  4 254 адамды (01.01.2023 ж. жағдай бойынша – 4 316 адам, 62 адамға азайды) құрағанын айтып өтті.

Халыққа медициналық көмек көрсетуге қаржыландыруға қатысты:
– АО ДСБ «Жарма аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК 2023 жылға – 1.5 млрд тнг қарастырылған, оның ішінде ТМККК – 800 млн тнг, МӘМС – 700 млн тнг құрайды.
– «Азат» Отбасылық амбулаториясы» мекемесі 2023 жылға – 160 млн тнг қарастырылған, оның ішінде ТМККК 100 млн теңгеден астам, МӘМС – 42.5 млн тнг құрайды.

️«Дәрілік қамтамасыз ету» АЖ (ИСЛО) ұсынған деректері бойынша 2022 жылы Жарма ауданы бойынша амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражаты өсімінің пайызы 18,5% құрады.

Облыс тұрғындарын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту мәселесі жеке атап өтілді. Әбілов Ғалымжан «сақтандырылған» мәртебесінің артықшылықтарын, сондай-ақ жарналарды төлеу тәртібін: төлем түрлері мен мөлшерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button