Абай облысыҚоғамСемейТОП
Көкпекті ауылында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Абай облысының Көкпекті ауылының “Ұлы дала елі” алаңында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жәрмеңкеде 6 бас ірі қара мал еті, 7 бас қой еті, 200 кг құс еті (қаз, үйрек), балық – 800 кг, жұмыртқа, бал және сүт өнімдері саудаланды.
Сонымен қатар, Семей қаласындағы тұрақтандыру қорынан біршама тауарлар арзандатылған бағада әкелінді.
Атап айтқанда қордан жеткізілген 4 тонна картоп, 2 тонна – сәбіз, 2 тонна – орамжапырақ, 1 тонна – күріш, 1 тонна – қарақұмық, 1000 литр күнбағыс майы нарық бағасынан 30-35 % төмен бағада сатылды.
Мұндай жәрмеңкелер дәстүрлі түрде айына 2 рет, яғни әр айдың 10-нан кейін және 20-нан кейін өтетін болады.
Semeynews.kz