Абай облысыВизитҚоғамСемейТОП

Вице-министр Абай облысының жастарымен кездесті

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров Абай облысының жастарымен кездесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кездесу барысында  жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Вице-министр мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

  • Жастар шегін 35 жасқа дейін көтеру арқылы еліміздегі жастардың саны 6 миллион адамға жеткенін білесіздер.  Бүгінгі күннің басты сұрағы — жастарымызға не керек?  Әрине, ең алдымен – жұмыс, баспана қажет. Мен 2000 жылдардың басынан бастап жастармен жұмыс істеп келемін және сіздерді қандай мәселелер толғандыратынын білемін.  Менің сіздерге берер кеңесім – ешқашан артқа шегінбей, әрқашан алға ұмтылыңыздар, жаңа нәрселерді байқап көріңіздер.  Қазір заман мүлде басқа, бұл мүмкіндіктер заманы және оларды пайдалану керек, – деп атап өтті Данияр Қадыров.

Вице-министр өңірлерде волонтерлік қызметті дамытудың маңыздылығына да тоқталды.

  • Волонтерлік жұмыс сіздерге үлкен мүмкіндіктер береді.  Жоғары оқу орындарына түсу кезінде еріктілер белгілі бір артықшылықтарға ие болады.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда волонтерлік қызметті дамытудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті,- деді вице-министр.

Вице-министрдің айтуынша, еліміздің әр өңіріндегі жастармен кездесу жастар саясатын дамыту үшін өте маңызды.

  • Әр өңірде жастармен кездесудемін.  Себебі жастар-  еліміздің болашағы, біз жастар саясатын одан әрі дамытамыз, – деді Данияр Қадыров.

Жастар туралы айтқанда, бала тәрбиесін де ұмытпау керек.

  • Балалармен көп жұмыс істеу керек.  90-жылдары бір кездегі балалар ұйымдары жабылып қалып, балаларға көп көңіл бөлінбеді. Қазір көптеген ұйымдар жұмыс істейді және бұл өте жақсы. Ұлттық мәдени кодымызды ұмытпауымыз керек. Мәселен, халқымыздың қалыптасуындағы әйелдердің рөлін ұмытпаған жөн.  Томирис, Әлия, Мәншүк батыр қыздарымыздың есімдерін есте ұстаңыздар. Мұның бәрі біздің тарихымыз, біз оны жадымыздан шығармауымыз керек, – деді Данияр Қадыров.

Жалпы, кездесу бейресми жағдайда өтіп, облыс жастары вице-министрмен сұрақ- жауап алмасты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button