Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМССемейТОП

Бородулиха ауруханасында лапароскопия әдісі енгізілді

Медициналық мекеменің бас дәрігері Умуд Эфендиев Бородулиха ауруханасының республикада алғашқылардың бірі болып лапароскопия әдісін қалай енгізгені туралы айтып берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде аппендэктомия, өт қабын алу, жатырдан тыс жүктілікті емдеу секілді 1500-ден астам ота жасалған.

  • Оталардан кейінгі асқынулар байқалмады. Науқастардың барлығы 3-4-ші күндері шығарылды. Бородулиха ауданынан ғана емес, басқа өңірлерден де емделушілерге ота жасалды, – дейді Умуд Эфендиев.

Жас хирургтер эндоскопиялық операциялар бойынша оқудан өткен, оларды  оқыту белсенді түрде жалғасуда.

  • 2016 жылы Талдықорғанда лапароскопиялық хирургияны аудандық деңгейде енгізу тәжірибесі бойынша шеберлік сыныбына қатыстық. 2020 жылы Қазақстан эндохирургтер қауымдастығының 8-ші конгресінде «Бородулиха аудандық ауруханасында эндохирургияны қолданудағы  біздің тәжірибе» атты баяндама жасадық, – дейді аудандық аурухананың бас дәрігері.

ӘМСҚ арқасында ірі қалалардың, ауылдардың және аудандардың тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық қызметтер қолжетімді. Әрбір науқас медициналық сақтандыру қоры есебінен барлық қажетті медициналық көмек пен дәрі-дәрмекпен қамтылуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button