
Медициналық мекеменің бас дәрігері Умуд Эфендиев Бородулиха ауруханасының республикада алғашқылардың бірі болып лапароскопия әдісін қалай енгізгені туралы айтып берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде аппендэктомия, өт қабын алу, жатырдан тыс жүктілікті емдеу секілді 1500-ден астам ота жасалған.
- Оталардан кейінгі асқынулар байқалмады. Науқастардың барлығы 3-4-ші күндері шығарылды. Бородулиха ауданынан ғана емес, басқа өңірлерден де емделушілерге ота жасалды, – дейді Умуд Эфендиев.
Жас хирургтер эндоскопиялық операциялар бойынша оқудан өткен, оларды оқыту белсенді түрде жалғасуда.
- 2016 жылы Талдықорғанда лапароскопиялық хирургияны аудандық деңгейде енгізу тәжірибесі бойынша шеберлік сыныбына қатыстық. 2020 жылы Қазақстан эндохирургтер қауымдастығының 8-ші конгресінде «Бородулиха аудандық ауруханасында эндохирургияны қолданудағы біздің тәжірибе» атты баяндама жасадық, – дейді аудандық аурухананың бас дәрігері.
ӘМСҚ арқасында ірі қалалардың, ауылдардың және аудандардың тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық қызметтер қолжетімді. Әрбір науқас медициналық сақтандыру қоры есебінен барлық қажетті медициналық көмек пен дәрі-дәрмекпен қамтылуда.
Semeynews.kz