Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде жүк тіркемесі жас жігіттің өліміне себеп болды

Семей қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 наурыз күні сағат 16:30 шамасында 34 жастағы жүргізуші  тіркемесі бар КамАЗ маркалы жүк көлігін басқарып Өскемен көшесімен келе жатқан, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Ақаулыққа байланысты жүк көлігінен тіркеме ажыратылды, ол еркін қозғалыста жол жиегімен келе жатқан 20 жастағы Семей қаласының тұрғынын басып кетті. Апат салдарынан жас жігіт оқиға орнында қайтыс болды”, — деді полиция басқармасында.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша “Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған” сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button