Абай облысыСайлауСемейТОП

Тыл ардагері Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен Мәслихаттарын сайлауда дауыс берді

 Семей қаласында сайлау жалғасуда. Таңертең тұрғындар сайлау учаскелерінде өз таңдауын жасауда. Денсаулығына байланысты немесе басқа себептермен сайлау учаскесіне өз бетінше келе алмайтын азаматтар үйде дауыс бере алады.

-Сайлауға өз бетімен келе алмайтындар үшін біз сайлау жәшіктері мен бюллетеньдерді үйлерге апарамыз. Аға буын арасында дауыс бергісі келетіндердің көп болғаны бізді қуантады. Бұл жастар үшін жақсы үлгі, – дейді 1 сайлау учаскесі төрағасы Мұратжан Тулаков

Бүгін үйден шықпай-ақ өз таңдауын жасағандардың бірі тыл ардагері болды.

– Мен сайлауға бірінші жыл қатысып отырған жоқпын. Бұл бүкіл ел үшін өте маңызды қадам. Бүгін біз тарихтың барысына әсер ететін таңдау жасаймыз, – дейді Мұрат Әбішов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button