Абай облысыСайлауСемейТОП

Семейде сайлау күні жас отбасы шаңырақ көтерді

Бүгін сайлау күні Семей қаласының Неке сарайында жас отбасы үлкен өмірге қадам басты. Олар дәл осы күні үйленуді 3 ай бұрын жоспарлаған екен.

– Біздің шаңырақ көтеруіміз осындай айтулы датамен тұспа-тұс келгеніне өте қуаныштымыз. Осы күнді Наурыз мейрамына орайластырып таңдаған болатынбыз. 5-10 жыл өткеннен кейін сайлау күні шаңырақ көтерген едік деп еске алып отыратын шығармыз,- дейді жас отбасы.

Естеріңізге сала кетейік, Бүгін, сайлау күні қалада 149 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде -19 жабық сайлау учаскесі.Жабық сайлау учаскелері – қандай да бір себептермен жалпы сайлау учаскелеріне келе алмайтын және әскери бөлімдерде, ауруханаларда, құқық қорғау органдарының мекемелеріндегі және т. б. азаматтар үшін жұмыс істейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button