Абай облысыҚоғамСайлауСемейТОП

Кандидат Еркебұлан Тұрсын сумен жабдықтау және жарықтандыру мәселелерін шешуге уәде береді

№6 бірмандаттық сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Еркебұлан Тұрсын өзінің сайлауалды бағдарламасында сумен жабдықтау және жарықтандыру мәселелерін шешуге уәде береді.

“Бұл салаларда көптеген проблемалар туындайды: ауызсу және жарықтандыру мәселелері әрқашан маңызды болған. Бұл салаларда көптеген проблемалар туындап отыр: желілердің тозуы, бұл төтенше жағдайлардың жиі орын алуына әкелуде. Білікті кадрлардың жетіспеушілігі, жалақының төмендігі және т.б. жағдайларға байланысты жыл сайын жағдай ушығып келеді. Әртүрлі апаттар адамдарды тәуліктеп жарықсыз және сусыз отыруға мәжбүр етеді. Мен бұл мәселелердің шешімін тек инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы ғана көремін”, – дейді кандидат.

Бағдарламаның тармақтарының бірі Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен өңір тұрғындарын әлеуметтік қолдауға және олардың сапалы медициналық қызметтер алуына бағытталған мәселелерді шешу үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Сондай-ақ, “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын одан әрі іске асыру мақсатында кандидат азаматтардың сұраныстарына уақтылы ден қоюға және қоғам проблемаларын халықпен бірлесіп шешуге уәде береді.

Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button