Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМССемейТОП

Абай облысында 48 жастағы науқасқа аудандық деңгейде көлемді ота жасалды

Бородулиха аудандық ауруханасында жатырдың аденомиозы диагнозымен 1975 жылғы пациентке жоспарлы түрде ота жасалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ота Бородулиха орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Умуд Эфендиевтің, сондай-ақ, СМУ КЕАҚ акушер-гинекологының резиденті Алтай Бегелдиновтің қатысуымен өтті.

Бородулиха ауданының тұрғыны орталық аудандық ауруханаға ациклді шағыммен, қан кету, іштің төменгі бөлігінде қатты ауырсынумен түскен.

Аурудың симптоматикалық ағымын, жатыр денесінің аденомиозын, ауырсыну синдромын және қан кетуді, жасын, консервативті терапияның әсерінің болмауын ескере отырып, операция жасау туралы шешім қабылданды. Жоспарлы операция кезінде дәрігерлер жатырдың қосымшаларын алып тастады. Жалпы, бригаданың үйлесімді жұмысы мен кәсібилігінің арқасында барлығы ойдағыдай өтті», – дейді Алтай Бегелдинов

«Ұзақ ауырсынудан және дәрігерлерге үнемі жүгінгеннен кейін мен операция жасатуға шешім қабылдадым. Себебі, денсаулығыма қауіп төндіргім келмеді. Операциядан кейін мен өзімді жақсы сезіндім. Ауруханада қызметкерлер медициналық көмек көрсетуде. Хирургқа, акушер-гинекологқа және анестезиологқа кәсібилігі үшін және операция жасауға батылдық танытқандарына алғысымды айтамын. Рахмет!»,- дейді науқас.

МӘМС аясында ірі қалалардың, ауылдардың және аудандардың тұрғындары жоғары технологиялық медициналық қорға жүгіне алады. Әрбір пациент медициналық қор қаражаты есебінен барлық қажетті медициналық көмек пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді уақытылы ала алады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button