Кандидат Равиль Сабитов азық-түлік бағасының негізсіз өсіп жатқанын айтты
№14 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Равиль Сабитов нарықтағы азық-түлік бағасының негізсіз өсіп жатқанын айтты.
«Қазіргі таңда күнкөріс деңгейі қиындап барады. Оған басты себеп азық-түлік бағасының негізсіз өсуі. Жалақы жыл сайын өскенімен, онымен бірге тауар бағасы да өсуде. Бұл дұрыс емес. Біз бағаны тұрақтандыру үшін қажетті шараларды қабылдау қажетпіз», – дейді ол.
Айта кетейік, Равиль Сабитов инфляциялық процестерді, азық-түлік тауарларының негізсіз өсуін, оларды тежеуге мүмкіндік беретін шаралар кешені арқылы бақылау қажеттігін айтып, оны өзінің сайлау бағдарламасына енгізіп отыр.
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.