Сайлау

Кандидат Асет Матаев қалалық теміржол ауруханасының ұжымымен кездесті

№1 бірмандаттық сайлау округі бойынша Respublica партиясы атынан Семей қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Асет Матаев қалалық теміржол ауруханасының ұжымымен кездесті.

Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында халықтың, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың әлеуметтік мәселелерін шешуді көздеп отыр. Бірінші кезекте олардың денсаулық жағдайын жақсарту, сапалы медицинаға қол жеткізу міндеті тұр.

Осы мақсатта аурухана қызметкерлерімен кездесіп, сайлауалды бағдарлама түсіндірілді. Денсаулық мықты болу үшін, кадрлар білікті болуы қажет.

Кандидат егер депутаттық мандатқа ие болып жатса, медицина қызметкерлерінің біліктігін арттыруды жан-жақты қарастыруды жоспарлап отыр.

Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.

Осы айдарда

Back to top button