Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өту басталып кетті

Семейде облыстық, қалалық әкімдіктің қолдауымен «Жастар Семей» қоғамдық қорының құрылғанына 3 жыл толуына орай Мұхтар Әуезов алаңында «Наурыз шақыру» атты мерекелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шараға Абай облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Садырбаев қатысып, жиналған қауымды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады.

Қала тұрғындарының назарына концерттік бағдарламалар ұсынылды.

Жиылған көпшілікке ұлттық тағам «наурыз көже» мен палау тегін таратылды. Жастар арасында арқан тартыс, қол күрес, гір көтеру, турникке тартылу сынды сайыстар өткізілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button