Абай облысыҚоғамСайлауСемейТОП

Менің басты миссиям сыбайлас жемқорлықпен күресу – Алиби Абдураимов

№9 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Алиби Абдураимов қоғамның дертіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресетінін айтты.

«Өздеріңіз білесіздер депутаттар осы уақытқа дейін көптеген уәдені халыққа берді. Алайда оның көбісі орындалмады, неге? Өйткені оған сыбайлас жемқорлық кедергі келтірді. Бөлінген қаржы дұрыс игерілмеді. Енді барлығы ашық түрде болуы тиіс», – деді ол.

Кандидат осы айтылғандардың барлығын орындау үшін, мәселелерді өзінің сайлауалды бағдарламасына енгізді.

• 2025 жылға қарай көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 90%-ын электронды форматта ұсынуға қол жеткізу;

• Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру;

• Құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптасыру;

• Білім беру мекемелеріндегі заңсыз қаражат жинау, дастархан жаю секілді тұрмыстық жемқорлықпен күресу;

• Барлық салада мемлекеттік бағдарламалардың жүзе асуына, сапалы орындалуына, бюджеттік қаражаттың тиімді игерілуіне қоғамдық бақылауды күшейту;

• Мемлекеттік қызмет көрсетуді «бір өтініш» қағидаты бойынша жүргізуді қамтамасыз ету;

• Мемлекеттік сатып алу базасы мен әкімдіктің ресми сайтында Семей қаласының барлық мемлекеттік мекемелер мен оларға бағынысты ұйымдардың бюджетін 100% жариялануын талап ету.

Үгіт материалын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button