Абай облысыҚоғамСемейТОП

Жыл басынан бері Абай облысында 151 мектепте интернет жылдамдығы 5 есеге артты

Жыл басынан бері Абай облысында 151 мектепте интернет жылдамдығы 5 есеге артты (2-4 мбит/сек-тен 10-20 Мбит/сек-ке дейін), – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде интернет жылдамдығы төмен мектептер саны 33% – ға дейін қысқарды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 28% – ға дейін төмендету жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Абай облысында барлық 303 мектеп интернетпен қамтамасыз етілген, оның ішінде 87-сі қалаларда, 228-і ауылдарда.

Биылғы жылы интернетті жақсарту үшін Абай, Үржар, Жарма аудандарында 20 ауылдық мектепте интернет жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретін 9 антенна-діңгек құрылысын салу көзделген.

Қалған 84 ауылдық мектеп (Бородулиха, Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай аудандары) бойынша интернет жылдамдығын арттыру, техникалық мүмкіндікті анықтау және қажетті қаражатты есептеу бойынша қызмет көрсетушілермен жұмыс жүргізілуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button