Семей – ерекше қала

ҚР Парламенті Мәжілісінің №8 сайлау округі бойынша депутаттығына Абай облысынан кандидат Гүлжанат Рахатқызы үшін Семей – ерекше қала.
Гүлжанат Рахатқызы атап өткендей, бұл қала оның өмірінде ерекше орын алады, өйткені ол осында өсті және дәл осы қалада оның тұлға ретінде қалыптасуы өтті. Алдымен ол геологиялық барлау колледжінде білім алды, содан кейін КазИГЗУ-да жалпы құқықтану факультетін бітірді, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің экономика ғылымдары бойынша магистратурасын тәмамдады.
Ол қарапайым жұмысшы отбасында тәрбиеленді, әкесі Ақсуат ауылында, анасы Жезқазған қаласында дүниеге келді. Ата-аналары Семейде аты аңызға айналған ет комбинатында жұмыс істеген кезде танысып, отауласты. Қазір анасы қалалық ЖШС-нің бірінде тігінші болып жұмыс істейді. Гүлжанат Рахатқызының әкесі Қазақстан Тәуелсіздігінің таңында белсенді қоғамдық-саяси қызмет жүргізе бастады, “Азат” қозғалысын, Қазақстан жастар одағын басқарды. Халықтың тағдырына бей-жай қарамау және азаматтық ұстаным оған әкесінен мұра болды.
1991 жылы Қазақстанда “Алаш Орда” атты алғашқы тәуелсіз газеттердің бірі ашылды, оның құрылтайшысы Гүлжанаттың әкесі – Рахат Алтай болды, кейін ол “Демократия” газетін басқарды.
“Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов сияқты ұлттық көшбасшылар туралы барлық қоғамдық-саяси тақырыптар біздің отбасымызда үнемі талқыланып отырды. Бұл жай ғана тарихқа мектеп экскурсиясы емес, біздің отбасымызда олар жан серігі ретінде айтылды, олардың идеялары біздің санамызға бала күннен құйылды. Сондықтан біз еліміздің дамуына зор үлес қосқан адамдар жүретін көшелермен жүргенімізді әрқашан мақтан тұтатынбыз”, – деп еске алады Гүлжанат Рахатқызы.
Гүлжанат Рахатқызы атап өткендей, “Невада-Семей” қозғалысынан кейін Семей өңірінде белсенді дамып, халықаралық гранттар алған алғашқы қоғамдық ұйымдар ашыла бастады, жаңа идеяларды іске асыра отырып, уақытпен қатар жүруге тырысты.
«Біздің ата-анамыздың замандастары сол кездің өзінде қаланың қоғамдық-саяси өмірінде қайта форматтала бастады. Мен бұл адамдармен жұмыс істеу бақытына ие болдым. Оларды көбі көшіп кетті, көбісі қайтыс болды, бірақ олар маған үлкен тәжірибе берді. Мен “Ирис” ядролық сынақтардан зардап шеккендер одағы” аймақтық қоғамдық бірлестігінде жұмыс істедім, көптеген әлеуметтік жобалар мен халықаралық деңгейдегі бағдарламалардың үйлестірушісі болдым”, − деді кандидат.
2012 жылы Гүлжанат Рахатқызы ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы Комитеті деңгейінде “ҚР аумағының ормандарын сақтау және ормандылығын арттыру” ұлттық жобасының желісі бойынша “Орман шаруашылықтарының өзін-өзі басқаруын әлеуметтік қолдау” жобасының өңірлік үйлестірушісі болды. Бұл бастама Семейдің бірегей реликті қарағайлы орманының ормандылығын сақтауға және арттыруға бағытталған.
“Қоғамдық жұмыс маған көп нәрсе берді. Әсіресе – біздің қоғам қалай дамитынын, еліміз қалай дамитынын түсіну. Ең алдымен, дамыған азаматтық қоғам, тұрақты жергілікті өзін-өзі басқару маңызды, көп нәрсе өзін-өзі басқару қозғалысын басқаратын көшбасшыларға, атқарушы биліктің алдына қойылған мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Соңғы 30 жылда бұған қажетті көңіл бөлінбеді, жергілікті өзін − өзі басқару базасында билік пен қоғамның өзара іс-қимылының институттары мен тетіктері дамымады, нәтижесінде нақты учаскелер мен салалар үшін дербес жауапкершіліктің болмады”, – деді Гүлжанат Рахатқызы.
Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында Абай облысында бар проблемаларға ерекше назар аударуға және барлық күштерін оларды шешуге бағыттауға уәде береді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Рахатқызы Гүлжанат сайлау қорының қаражатынан төленді.
Semeynews.kz