Абай облысыҚоғамСайлауСемейТОП
Шынар Хасенова: әлеуметтік саланы жақсарту қажет

№4 округ бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Шынар Хасенова өзінің сайлауалды бағдарламасында сыбайлас жемқорлыққа және лауазымдық құқық бұзушылықтарға қарсы күресті, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz
Кандидаттың жоспарында мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына партиялық бақылау жүргізу де бар. Шынар Хасенова қолданыстағы заңнама шеңберінде өзінің сайлау округі кәсіпкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға ниетті.
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.
Semeynews.kz