Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде тәулік бойы қар шығару және еріген суды сору жұмыстары жүргізілуде

Семейде су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында қала көшелерінде еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта суды соруға 10 бірлік вакуумдық ассенизатор машиналары, 4 бірлік жылжымалы мотопомпалар және 6 бірлік цистерналары бар автомашиналар тартылған. Сондай-ақ, дренажды-нөсерлі кәріздердің су қабылдау құдықтарын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 5000 м3 астам су сорылды.

Сонымен қатар, су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде Сроство, Шығыс, Затон, Дальняя және қаланың орталық аудандары көшелерінен су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында қар шығару жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың 3 наурызындағы жағдай бойынша 2022-2023 жж. қысқы кезеңнің басынан бастап қала аумағынан 440 мың м3 астам қар шығарылды.

Жағдай қала әкімдігінің жеке бақылауында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button