Абай облысыВизитДенсаулықСемейТОП

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов ядролық медицина және онкология орталығында болды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Абай облысының басшысы Нұрлан Ұранхаевпен бірге Орталық басшылығымен кездесіп, оның жұмысын тексерді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Орталықта онкологиялық науқастарға амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын нысанда жоғары мамандандырылған көмек көрсетіледі

Тәулік бойғы стационардың барлығы 165 төсек жұмыс істейді, оның ішінде: 86 онкологиялық, 9 хирургиялық, 53 рентгенологиялық бейіндегі төсек (оның ішінде: 15 РНТ), 9 паллиативтік көмек төсегі, 10 оңалту төсегі және 40 күндізгі стационар төсегі бар. Емхананың қуаты – ауысымда 56 адам.

Бүгінгі таңда ядролық медицина орталығы радиофармацевтикалық препараттарды өндіруден (ПЭТ зерттеулері үшін) радионуклидті диагностика мен терапияға дейінгі толық циклды қамтиды. Бұл Қазақстандағы алғашқы радионуклидтік терапия бөлімшесі. Мұнда қашықтағы метастаздары бар қалқанша безінің дифференциалды қатерлі ісігін емдеудің бірегей, тиімді және қауіпсіз әдісі болып табылатын радиоиодты терапия қолданылады.

Қазақстанда радиофармацевтикалық препараттарды қолдану пациенттерге шетелге шықпай-ақ ел ішінде ем алуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, орталық позитронды-эмиссиялық томограф және жаңа циклотрон жабдықталған.

Орталықтың жаһандық жетістіктерінің ішінде халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) гранты аясында Жапонияда қызметкерлерді оқытуды атап өткен жөн.

Сонымен қатар, 2022 жылы орталықтың бюджеттік бағдарламасы бойынша 44 маманы онкооңалту, цифрлық денсаулық сақтау, өаржы менеджменті бағдарламалары бойынша АМУ КЕАҚ, ДСМ-де біліктіліктерін арттырды.

Бұдан басқа, “Қазақстан Республикасында 2023-2025 жылдарға арналған радионуклидтік диагностика және радионуклидтік терапия әдістерін әзірлеу мен енгізудің ғылыми-әдіснамалық негіздері” ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы дайын.

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары, сондай-ақ Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев құрамына кірген делегация №3 перзентханаға барып, медициналық мекеме басшылығымен кездесті.

Перзентхана ғимаратын қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button