Семейде саябақтарды абаттандыру жоспарлануда

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов журналистермен бейресми кездесуде саябақтарды абаттандырумен айналысу қажеттігі туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Мәселен, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша биыл Жамақаев көшесіндегі үш скверді біріктіріп, оны абаттандырумен айналысуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, сол жағалаудағы көпірдің астындағы кеңістікті жабдықтау жоспарлануда. Бұл жұмыстардың барлығы биыл аяқтауға уәде береді. Қала басшысы сонымен қатар Восход және Шығыс кенттерін абаттандыру қажеттілігін қосты.
“Шығыс және Восход кенттерінің тұрғындарына ересектер мен балалар кешке серуендеп, демалуға болатын саябақтар, алаңдар қажет. Біз кешенді жоспар құрып жатырмыз. Осы мақсатқа 1 млрд 200 млн теңге бөлінді. Әрбір тұрғын алабында, кем дегенде, абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажет”, – деп түйіндеді шаһар басшысы.
Semeynews.kz