Бесқарағай ауданының тұрғындары ҰОС жауынгерінің туыстарын тапты

Бесқарағай ауданының Канонер ауылдық округінде Ұлы Отан соғысының жауынгері Максим Герасимовтың туыстары табылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Sputnik.kz деректері бойынша, қаза тапқан сарбаздың туыстарын іздеуде Абай облысы Бесқарағай ауданының әкімдігі үлкен көмек көрсетті. Оның қызметкерлері ауданның Канонер ауылдық округінің тұрғындарына сауалнама жүргізіп, Канонерка ауылынан жауынгердің туғандарын тапты.
Герасимовтардың төрт ағасы соғысқа шақырылды: Павел Дмитриевич, Федор Дмитриевич, Иван Дмитриевич және Максим Дмитриевич.
118-жаяу әскер батальонының кіші сержанты Максим Дмитриевич Герасимовқа, 1922 жылы туған, 1943 жылдың 30 қарашасында қара қағаз келген.
Бұған дейін Татарстан Республикасының Набережные Челны қаласының оқушылары Тарловка кентінің (қара кілт) бауырлас қабіріне жерленген Ұлы Отан соғысына қатысушылардың бірі Герасимов Максим Дмитриевичтің туыстары мен жақындарын іздеуде көмек сұраған болатын.
Фото:Sputnik.kz
Semeynews.kz