Абай гарнизонында артиллериялық оқу-жаттығу өтті

Абай гарнизонының жеке құрамы артиллериялық зеңбіректен оқ жаудырды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 28738 әскери бөлімі жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес «Шығыс» түраралық полигонына жауынгерлік шеру жасады. Далалық жағдайдағы сабақта мерзімді әскери қызметшілер келте зеңбірек Д-30 артиллериялық қаруынан оқ атып көрді. Бұл далалық жағдайдағы оқу-жаттығу сабағы жауынгерлердің атыс, арнайы саптық сондай-ақ дене дайындығы біліктіліктерін арттырып, жауынгерлік дағдыларын біртұтас кешенге біріктіруге мүмкіндік береді.
– Далалық жорықта мерзімді әскери қызметшілер артиллериялық қондырғыны оқтауды, көздеуді сондай-ақ атуды үйреніп, машықтанды. Қазіргі таңда жауынгерлік даярлықтың жоспарына сәйкес есептор мен бөлімшелердің дайындығы жүргізіліп отыр. Атыс кезінде артиллериялық бөлімшелер барлық мақсаттарға қол жеткізіп, жақсы нәтижелер көрсетті, – дейді 28738 әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник Абылай Шілдебаев.
Semeynews.kz