Үржар-Астана бағытында әуе рейсін ашу жоспарлануда

Бұл туралы Үржар ауданының әкімі Нұржан Тоқсеитов айтып өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Үржар әуежайы терминалының ғимаратын қайта жаңғыртудың ЖСҚ әзірленуде. Бұл ретте Нұржан Тоқсеитов биыл Үржар ауданында сағатына 100-150 жолаушыны қабылдай алатын жаңа әуежай ғимаратының құрылысы басталатынын атап өтті.
Әуежайдың ұшып-қону жолағы 1500-ден 2100 метрге, ені 35 метрге дейін ұлғайтылды. Ұзындығы 175 м, ені 16 м болатын 2 рульдеу жолының құрылысы жүргізілді.
Әуежайда әуе кемелерін тәулік бойы қабылдау үшін ұшу-қону жолағында жарықтандыру қондырғылары мен бейнебақылау орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Алматы – Семей – Үржар бағыты бойынша рейстер қабылдануда.
Алакөл жазғы демалыс аймағында «Tourist info» ақпараттық орталығы демалушыларға тегін ақпараттық және консультациялық қызмет көрсетті.
Облыстық бюджеттен Алакөл жағалауындағы Арбатқа абаттандыру жұмыстары және көл жағалауындағы жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қабанбай ауылында 2 автомобильге арналған өрт сөндіру депосының құрылыс жұмыстары 2024 жылға жоспарланған.
Биылғы жылы Бахты шекаралық өткізу пунктін жаңғырту және техникалық жабдықтау жұмыстарының 1-ші кезеңі басталады.
Кешенді даму жоспары аясында 2024 жылдан бастап Бахты-Аягоз темір жол құрылысы жобасы жүзеге асатын болады. Бүгінгі күнге жобаның техника-экономикалық сипаттамасы әзірленуде.
Ауданның шаруашылық құрылымдары «Іскер» (28 жоба), «Агробизнес» (20 жоба), «Кең-Дала» (1 жоба) тағы басқа бағдарламалар бойынша қаржылық институттардың барлығы 49 жоба қаржыландырылды.
2022 жылы «Қазсушар» мекемесінің теңгерімдегі магистралдық каналдар арқылы шаруа қожалықтары 189 келісім шарт жасап, 5715 га егістік алқаптары суарылды.
Жоспар бойынша Urdzhar Agro Company ЖШС-гі 2024 жылға дейін 24 жаңбырлатқыш қондырғы орантылады, 9 қондырғы, Muhit Agro ЖШС-гі 12 жаңбырлатқыш қондырғы орнатылады
Ауданда «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында 27 жоба іске асырылды.
2022 жылы 16 034 м2 тұрғын-үй пайдалануға берілді.
Semeynews.kz