Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семейде қоғамдық кеңістіктерді пайдалануға беру мәселелері талқыланды

Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қоғамдық кеңістіктерді пайдалануға беру бойынша кеңістіктерге шығып кеңес өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бірінші кезекте орталық саябақта, Жеңіс скверінде және Жамақаев көшесінде демалыс алаңдарын ұстау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, облыс әкіміне жаңадан пайдалануға берілген қоғамдық кеңістіктердің эскиздері ұсынылды.

Кеңеске қатысушылар атап өткендей, Семейде жайлы орта құруға және “адамдар үшін қала” тұжырымдамасын іске асыруға баса назар аудара отырып, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру қажет.

– Абай облысының орталығында тұрғындардың күндіз де, кешке де демалыс уақыттарын өткізулеріне жағдай жасау қажет. Ландшафт дизайнын ескере отырып, шағын сәулет нысандарын пайдалана отырып, инфрақұрылым құруға назар аудару қажет, – деп атап өтті облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button